Yvision.kz
ru
  • 0
    04:28, 03 мамыр 2024

    Ақмола облысында 85 жастағы тұрғын пәтерінде бір тәулік бойы сынықпен жатқан

    1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.

    undefined
    Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
    Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әйел адамды жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
    1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.
    Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.

    0
    141
    0
  • 0
    04:57, 03 мамыр 2024

    Алматы облысында жалған полицей ұсталды

    Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған.
    undefined
    Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

    Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.
    Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады.


    https://t.me/POLICE_of_KZ

    0
    131
    0
  • 0
    06:57, 03 мамыр 2024

    Қырғызстанда жүк көлігінің жүріп кетуінен зардап шеккендер саны өсіп жатыр

    Қырғызстанда көлік қағып, зардап шеккен адам саны 32-ге жетті.
    undefined
    Олардың ішінде бір мұғалім де бар. Үш бала ауыр халде жатыр. Мұны осы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. Созақ ауданында «Манас» эпосын айтуға арналған шара кезінде болған оқиғаға байланысты 48 жастағы жүргізуші тұтқындалды.

    Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол биік жерге қойып кеткен машина төмен қарай жүріп кетіп, бір топ адамды қаққан. Олардың дені - бала.

    Бұл оқиға туралы кеше хабарладық.

    0
    100
    0
  • 0
    08:58, 03 мамыр 2024

    Президент әскердің жағдайымен танысты

    Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың ұшақтары мен тікұшақтарының, жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды.

    undefined

    Қасым-Жомарт Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов жауынгерлік тапсырмаларды өз деңгейінде орындау үшін базада барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.

    Президент әскери қалашықтың Даңқ залына барып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

    Авиабазаның Астана әуе айлағында орналасуы жеке құрам мен техниканы қажет жеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әуеден барлау жүргізу, зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде Ұлттық ұланның бөлімшелеріне авиациялық қолдау көрсетеді.

    t.me/aqorda_resmi

    0
  • 0
    07:21, 03 мамыр 2024

    Ақтөбе облысында қыз іздестіріліп жатыр

    Ақтөбе облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз жоғалған 2007 ж/т кәмелетке толмаған Орынбасарова Аружан Берікқызын іздеуде.

    undefined

    2 мамырда кәмелетке толмаған бала үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.
    Белгілері: бойы 140-150 см, дене бітімі - орташа, шашы – ұзын, қара.
    Киімі: қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка.

    Аталған кәмелетке толмаған туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, полицияның 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады.


    https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/

    0
  • 0
    08:28, 03 мамыр 2024

    Су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының коммуналдық төлемі кейінге қалдырылыды

    Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасуда. Зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде.

    undefined

    ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

    ​Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.

    Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.

    Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

    0
Тамаша, сіз бәрін көрдіңіз!