Yvision.kz
ru
  • 0
    12:39, 14 мамыр 2024

    Мемлекет басшысы жаңа министрді қабылдады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 6 мамырда тағайындалған Жаслан Мәдиевті қабылдады.
    undefined
    Жаслан Мәдиев:
    ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады:
    – мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан;
    – реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған;

    жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді;

    отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы айтты.

    Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

    t.me/aqorda_resmi

    0
  • 0
    12:22, 14 мамыр 2024

    Талдықорғанда бүлдіршін пәтердің есігін ішінен іліп, қамалып қалған

    Талдықорғанда төтенше жағдай қызметінің мамандары 4 жасар баланы құтқарды.
    undefined
    Оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін бесінші қабаттағы пәтерде қамалып қалады.

    "Құтқарушылар балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен пәтерге кіріп, есікті аша алды. Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен берілді. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес", - деп жазады t.me/qr_tjm.

    0
  • 0
    11:54, 14 мамыр 2024

    ҚМДБ мешіттегі төбелестің видеосына қатысты мәлімдеме жасады

    Намазхандардың төбелесі, алдында жазылғанындай, Сарыағашта емес, Шымкенттегі мешітте 12 мамырда болыпты. Онда ақшам намазы оқылып жатқан.

    undefined

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) осы жағдайға байланысты мәлімдемесін баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жариялады.

    "Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.

    Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады.

    Еске сала кетсек, ҚМДБ бекіткен "Мешіт ережесі" бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады", - делінген мәлімдемеде.

    Мешіттегі төбелес туралы біз бұрынырақ хабарлағанбыз.

    0
  • 0
    11:08, 14 мамыр 2024

    "Шымкентте шашлық арзан дейсіздер". Қала маңынан есек бордақылап, соятын орын табылды

    Шымкентте есек бағып, оны тіпті бордақылап, соятын орын әшкере болған. Бұл туралы белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде жазды.

    undefined

    "Шымкентте шашлық арзан дейсіздер. Сол арзан кәуаптан қорқа бастадым. Себебі Шымкентте жүз шақты есек бағып, бордақылап етін базарда сатқан есекші (малшы деген сияқты ғой) анықталыпты. Алайда арам еттен ақша тапқан азамат оны Шымкентке емес Қытайға өткіземін деп ақталған көрінеді. Мына ақпарат рас болса масқара. Қара жұмысқа жегілмеген жас қодықтың еті тіске жұмсақ болады деуші еді. Шымқаланың арзан әрі дәмді шашлыгы сол есектің етінен дайындалып жатқан жоқ па?" - деп жазады Диас Нұрақын.

    0
  • 0
    10:32, 14 мамыр 2024

    Ертең кешке дейін телерадио хабарлары таратылмайды

    15 мамырда еліміздегі барлық радио мен телеарнада техникалық үзіліс болады.

    undefined

    Фото: Kazpravda.kz


    «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

    "Соған байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.

    0