Yvision.kz
ru
  • 0
    03:36, 14 мамыр 2024

    Бүгін Павлодар әкімі мектептегі сұмдық оқиғаға қатысты жиын өткізеді

    Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков бүгін қала мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиын өткізбек. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеді.

    undefined

    Фото: pavlodarnews.kz / Павлодар қаласының әкімі Хасар Қабылбеков оң жақта

    "№14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім", - деп жазды Хасар Қабылбеков.
    Ал жиын негізінен аталған мектепте болған кешегі сұмдық оқиғаға қатысты өткізілмек. Онда оқушы ерегісіп қалған сыныптасы мен араша түспек болған әйел мұғалімді пышақпен жаралап кеткен еді.

    "Біз болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешенін келісіп, жедел жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Павлодарлық ата-аналар білім беру ұйымдарының қабырғасында балаларының өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтініне сенімді болуы тиіс", - деді әкім.

    Кеше зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем белгіленген. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

    0
  • 0
    04:38, 14 мамыр 2024

    Тайсон Фьюридің әкесі Александр Усиктің командасымен ерегіс кезінде маңдайын жарып алды (видео)

    Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Тайсон Фьюридің әкесі – Джон Фьюри украиналық кәсіпқой боксшы Александар Усиктің командасымен дүрдараздық кезінде маңдайын қанатып алды.

    undefined

    Джон Фьюри өз спортшысының атын ұранға қосып келе жатқан Усиктің командасымен сөзге келіп қалды. Сол сәтте ол тіпті біреуді баспен соғады. Алайда 59 жастағы әкей өзінің басын қанатып алды.

    Ал баласы әкесінің бұл қылығын ұят санаған сияқты.

    «Мынау не пәле? Басыңа не болған, топас ***?» – деп айғайлады Тайсон Фьюри.

    Айта кетейік, суперауыр салмақтағы қос чемпион 18 мамырда әр Риядтағы (Сауд Арабиясы) бокс кешінде басты қаһармандар ретінде сайысқа шығады.

    undefined Фото: Reuters / Тайсон Фьюри (сол жақта) мен Александр Усик.

    0
  • 0
    07:02, 14 мамыр 2024

    «Бұған не себеп?» Мешіттегі төбелестің видеосы тарады  

    Әлеуметтік желіге мешіттегі төбелестің бейнежазбасы жарияланды.

    undefined

    Бұл видеоның Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы бір мешітте түсірілгені айтылып жатыр. Онда намаз оқылып жатқан кезде қатарда тұрған ер адам екіншісін маңдайдан ұрып құлатады. Онымен қоймай, төбелес ары қарай жалғасып кетеді.

    Желі қолданушылары арасында «бұған не себеп?» деген сұрақ бойынша пікірталас туындап жатыр. Соның біразын төменде келтірдік:

    «Шамамен имам «әуминді» іштен айтыңдар» деген. Бірақ ана кісі оны дауыстап айтқан. Ұрған адам соған шыдай алмады. Намазда тыныш тұрасың. Сол кезде «әмиииин» деп айқайлап айтатындар бар ғой».

    «Енді сол үшін ұрған тым артық. Ақырын айтса да болады ғой».

    «Онда тұрған ештеңе жоқ, бауырым. Іштен айтса да , сырттан айтса да, діннен шықпайды!»

    «Намаз оқу – ол дұрыс. Алланың парызын орындап жатыр. Бірақ мынау ұрған дұрыс болмады. Алланың үйінде, құлшылық орында намазда тұрған адамды ұрғандар күнәһар болады».

    0
  • 0
    05:56, 14 мамыр 2024

    Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды тезірек қалыпты өмірге қайта оралту керек - Бектенов

    Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды.

    undefined

    Вице-премьер Қанат Бозымбаев айтып өткендей, қазіргі таңда еліміздегі су тасқыны жағдайы тұрақтанып келеді. Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отыр. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтарды төсеу, топырақтан біліктер салу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

    Су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйлеріне оралды. Әзірге эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат қалды.

    Су тасқыны салдарынан елімізде 12 908 тұрғын үйді су басты, оның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сондай-ақ 18 025 саяжай үйі бар 25 921 саяжай учаскелері су астында қалды.

    Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. 680 отбасына 362 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өтелді.

    568 отбасы 710 млн теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Өңірлерде келтірілген залалды бағалау және өтеу жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауға алынған.

    Олжас Бектенов тиісті құрылымдарға тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Әсіресе, Жайық өзеніндегі қауіпті деңгейден асып кеткен Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды бақылауға алу керек.

    «Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуы тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», — деді Үкімет басшысы.

    Сонымен қатар Ақтөбе облысында 2 елді мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ. Онда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алу керек. Электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездету қажет.

    «Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек», — деп түйіндеді сөзін Премьер-министр.

    0
  • 0

    Таразда өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адам эвакуацияланды

    Таразда полиция қызметкерлері өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады.

    undefined

    Тараз тұрғындары полицейлер адамдарды өрттен құтқарған бейнероликтерді жарыса жариялауда. Кадрлардың бірінен полицейдің жарақаттанған аяғына қарамастан үй тұрғындарын эвакуациялауды жалғастырғанын көруге болады. “Ол аяғын қайырып алуы мүмкін”, “Ақсап тұрғанына қарамастан, ол жанып жатқан пәтерге жүгірді”, “Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!”, казнет пайдаланушылары оны мадақтап, әртүрлі жылы сөздер айтуда.

    Белгілі болғандай, өрт шыққан пәтерде кәмелетке толмаған бес бала мен олардың анасы болған. Тұрғын үйден барлығы 60 адам эвакуацияланды. 2024 жылдың 13 мамырына қараған түні полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын мазасыздана хабарлады.

    Көрсетілген мекен-жай бойынша жақын маңдағы патруль жасағы кідіртпей жіберілді. Оқиға орнына бірінші болып келген полиция қызметкерлері қызметтік көліктерден өрт сөндіргіш құралдарды алып, өртке оранған пәтерге жүгірді.

    Полицейлер өрт ошағын жойып, әйелді және оның бес кәмелетке толмаған баласын өрттен алып шықты, олардың ең кішісі небәрі 2 жаста. Бұдан әрі полиция қызметкерлері жарылысты болдырмау үшін пәтердегі газды жауып, осы үйдің кіреберіс пәтерлеріндегі адамдарды эвакуациялады.

    Пәтер иесі Тараз қаласы ПБ ППБ взводының командирі Нұрғиса Төленге, аға инспектор Самат Бошқаевқа , инспекторлар Елжас Болатқа, Әділет Тойжігіт пен Дидар Нәбиевке балаларының өмірін сақтап қалғаны үшін өз алғысын білдірді.

    Polisia.kz

    0
  • 0

    Қарағанды облысында 400-ден астам оқушының құқығы қорғалды

    Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы Ы.Алтынсарин атындағы қолдау мектебі жанындағы «Интернат (бұдан әрі «Ресурстық орталық») КММ қызметіне кешенді тексеру жүргізді.

    Ресурстық орталық ғимаратының кешеніне жақын маңдағы ауылдардан келген 100 оқушының тұруына қойылатын талаптарға сай келетін 3 қабатты жатақхана кіреді.

    2022 жылдың соңында Комиссияның шешімімен, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз, балалар жатақханадан шығарылып, балалардың тұруына арналмаған Ресурстық орталық ғимаратының 2-қабатына орналастырылған.

    Оқу кабинеттерінің санының азаюы, кейбір кабинеттердің шаруашылық бөлмелерге айналуы оқушылардың оқу, демалыс орындарының, санитарлық тораптардың, қоғамдық тамақтану орындарының және т.б. алаңдарының белгіленген нормаларының бұзылуына әкелген.

    Тексеру жатақхананың 2-қабатында «Шет ауданының білім бөлімі» ММ орналасқаны, ал 3-қабатында білім бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен әдіскерлері үшін жатақхана ұйымдастырылғанын көрсетті.

    Бұл жағдай халықтың наразылығын тудырды.

    Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес балалар жатақхана ғимаратына қайтарылды, Ресурстық орталықтың жатын бөлмелері қайтадан оқу кабинеттеріне айналдырылды.

    Қазір Орталықта оқитын 412 бала сапалы білім ала алады.

    Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

    Қарағанды облысының прокуратурасы

    0
  • 0
    08:05, 14 мамыр 2024

    Алматы облысындағы түрмелерде айналымы 3 млрд теңгеден асатын сауда және қаржы жүйесі ұйымдастырылған

    Жазасын өтеушілер ғаламтор арқылы сауда жасауды, несие рәсімдеу мен құмар ойын ойнауды жақсылап меңгеріп алыпты.

    undefined

    Фото: vk.com


    «Сотталғандар ұялы телефондарды пайдалану арқылы онлайн сатып алуға, несие рәсімеуге және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Онда қаржының жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асады», – деп жазылған Алматы облысы прокуратурасының ресми сайтында.

    Айта кетейік, 3 млрд теңгеден астам қаражат шамамен 7 млн АҚШ доллары болады.

    0
  • 0
    08:36, 14 мамыр 2024

    Сәденов жыл басынан бері іздеуде жүрген 782 адам ұсталғанын айтты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.
    undefined
    Ержан Сәденов:

    еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған;

    қылмыскерлерді іздестіру жұмысының нәтижесі туралы баяндады. Жыл басынан бері 782 адам, оның ішінде 79 азамат шетелде ұсталған. Іздеуде жүрген 16 адам елге экстрадицияланған;

    адам көп жиналатын жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат берді. Террористік әрекет тұрғысынан алғанда осал екі мыңнан астам нысан, соның ішінде мектептер, жоғары оқу орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, концерт залдары мен басқа да тарихи-мәдени ғимараттар тексерілген;

    көші-қон ісін бақылау жұмыстары жайында есеп берді. Жыл басынан бері елімізге 4,2 миллион шетел азаматы келіп, оның 4 миллионға жуығы шекарадан кері шыққан. Олардың 90 пайызы – ТМД азаматтары;

    ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, су тасқыны салдарын жою, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кезектен тыс аттестациялау бағыттарындағы тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды;

    көшелердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

    t.me/aqorda_resmi

    0
  • 0
    10:32, 14 мамыр 2024

    Ертең кешке дейін телерадио хабарлары таратылмайды

    15 мамырда еліміздегі барлық радио мен телеарнада техникалық үзіліс болады.

    undefined

    Фото: Kazpravda.kz


    «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

    "Соған байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.

    0
  • 0

    АҚШ Ресей уранының импортына тыйым салып жатыр

    АҚШ Президенті Джо Байден Ресей уранының импортына тыйым салатын заңға қол қойды. Заңды конгресс екі апта бұрын қабылдаған болатын.

    undefined

    Фото: theins.ru


    Бұл құжат қол қойылғаннан кейінгі 90 күннен соң күшіне енеді.

    Содан бастап АҚШ Энергетика министрлігі 2028 жылға дейін сәулеленбеген төмен байытылған ресейлік уранның импортына оның басқа тасымалдау көздері болмаған жағдайда рұқсат беріп отырады. Жалпы шектеу 2040 жылға дейін қолданылмақ.

    Елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан: «Бұл – АҚШ-тың энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, азаматтық атом энергетикасы саласын Ресейге тәуелділіктен арылтатын тарихи заң» деді.

    Америкалық компаниялар коммерциялық атом реакторына арналған негізгі отын – байытылған уранды Ресейден шашамен 1 млрд долларға сатып алып келген. «Росатом» АҚШ-тың 93 атом реакторында қолданылатын байытылған уранның шамамен 20 пайызын жеткізіп отырған.

    0