Yvision.kz
ru
  • 0
    07:02, 14 мамыр 2024

    «Бұған не себеп?» Мешіттегі төбелестің видеосы тарады  

    Әлеуметтік желіге мешіттегі төбелестің бейнежазбасы жарияланды.

    undefined

    Бұл видеоның Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы бір мешітте түсірілгені айтылып жатыр. Онда намаз оқылып жатқан кезде қатарда тұрған ер адам екіншісін маңдайдан ұрып құлатады. Онымен қоймай, төбелес ары қарай жалғасып кетеді.

    Желі қолданушылары арасында «бұған не себеп?» деген сұрақ бойынша пікірталас туындап жатыр. Соның біразын төменде келтірдік:

    «Шамамен имам «әуминді» іштен айтыңдар» деген. Бірақ ана кісі оны дауыстап айтқан. Ұрған адам соған шыдай алмады. Намазда тыныш тұрасың. Сол кезде «әмиииин» деп айқайлап айтатындар бар ғой».

    «Енді сол үшін ұрған тым артық. Ақырын айтса да болады ғой».

    «Онда тұрған ештеңе жоқ, бауырым. Іштен айтса да , сырттан айтса да, діннен шықпайды!»

    «Намаз оқу – ол дұрыс. Алланың парызын орындап жатыр. Бірақ мынау ұрған дұрыс болмады. Алланың үйінде, құлшылық орында намазда тұрған адамды ұрғандар күнәһар болады».

    0
  • 0
    03:36, 14 мамыр 2024

    Бүгін Павлодар әкімі мектептегі сұмдық оқиғаға қатысты жиын өткізеді

    Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков бүгін қала мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиын өткізбек. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеді.

    undefined

    Фото: pavlodarnews.kz / Павлодар қаласының әкімі Хасар Қабылбеков оң жақта

    "№14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім", - деп жазды Хасар Қабылбеков.
    Ал жиын негізінен аталған мектепте болған кешегі сұмдық оқиғаға қатысты өткізілмек. Онда оқушы ерегісіп қалған сыныптасы мен араша түспек болған әйел мұғалімді пышақпен жаралап кеткен еді.

    "Біз болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешенін келісіп, жедел жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Павлодарлық ата-аналар білім беру ұйымдарының қабырғасында балаларының өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтініне сенімді болуы тиіс", - деді әкім.

    Кеше зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем белгіленген. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

    0
  • 0
    04:38, 14 мамыр 2024

    Тайсон Фьюридің әкесі Александр Усиктің командасымен ерегіс кезінде маңдайын жарып алды (видео)

    Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Тайсон Фьюридің әкесі – Джон Фьюри украиналық кәсіпқой боксшы Александар Усиктің командасымен дүрдараздық кезінде маңдайын қанатып алды.

    undefined

    Джон Фьюри өз спортшысының атын ұранға қосып келе жатқан Усиктің командасымен сөзге келіп қалды. Сол сәтте ол тіпті біреуді баспен соғады. Алайда 59 жастағы әкей өзінің басын қанатып алды.

    Ал баласы әкесінің бұл қылығын ұят санаған сияқты.

    «Мынау не пәле? Басыңа не болған, топас ***?» – деп айғайлады Тайсон Фьюри.

    Айта кетейік, суперауыр салмақтағы қос чемпион 18 мамырда әр Риядтағы (Сауд Арабиясы) бокс кешінде басты қаһармандар ретінде сайысқа шығады.

    undefined Фото: Reuters / Тайсон Фьюри (сол жақта) мен Александр Усик.

    0
  • 0

    Қызылордада екі бала үшінші қабаттың балконынан құлап кетті

    Қызылордада алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті.

    ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, олар сол сәтте ересектердің қарауынсыз қалған.

    Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғаның басқа мән-жайы айтылмайды.

    ТЖМ мына жайттарды еске салып отыр:
    Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
    Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
    Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

    0
    277
    0
  • 0
    12:36, 12 мамыр 2024

    Қазақстан мен Өзбекстан Дарбаза – Мақтаарал темір жолын бірлесіп салуға келісті

    Осы тұрғыда екі ел арасындағы Жол картасына қол қойылды.

    undefined

    Қазақстан және Өзбекстан Көлік министрлері Марат Қарабаев пен Илхом Махкамовтың кездесуі барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымын салу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

    Атап айтқанда, бүгінгі таңда "Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы" жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру екі ел арасындағы жүк өткізу қабілетін тағы 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

    Автотасымалдар саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, елдер арасындағы автотасымалдар Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

    "Өткен жылы автокөлікпен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 6 пайызға ұлғайып, 1,8 млн тоннаны құрады. Жалпы автотасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың оң серпіні байқалады", — деп атап өтті Марат Қарабаев.

    Азаматтық авиация көлік-логистикалық хабтың негізгі қозғаушы күші. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасында аптасына 37 рейс орындалады. Өткен жылы Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасында келіссөздер өткен болатын. Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылап, рұқсат етілген рейстер санын Астана – Ташкент бағыттары бойынша аптасына 12 рейстен 36 рейске дейін, Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20 рейстен 36 рейске дейін, ал қалған маршруттарда аптасына 4 рейске дейін ұлғайтуға уағдаласты.

    «Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолының құрылысына келетін болсақ, қазақстандық тарап Өзбекстанның бұл бастамасын қолдайды.

    «Жобаны іске асыру Орталық Азия елдері үшін өңірлік қатынас пен сауданы дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, өйткені Оңтүстік Азия өңірінің ірі теңіз порттарына қолжетімділік ашылады», - деді ведомство басшысы.

    Тұтастай алғанда екі ел арасындағы жүктерді автокөлікпен тасымалдау және транзиттеу үкіметаралық келісімге сәйкес рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды.

    Кездесуді қорытындылай келе, тараптар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

    0
    181
    0